Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұржан Нұралиев – тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы

0 60
Нұралиев Нұржан Тоқбергенұлы – Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы.
1971 жылы 25 желтоқсанда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Пионер ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
1995 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «Былғары және мех технологиясы», 2004 жылы Әулие-Ата университетін «Юристік қызмет» және 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1995 жылы «Алтын дән» АҚ Элеватор цехының шебері болып бастаған.
2005 – 2021 жылдары мектеп директоры, Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы;
2021 – 2024 жылдары Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің орынбасары, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
2024 жылғы 18 желтоқсанынан бастап Тараз қаласы әкімінің Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.