Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы тағайындалды

0 75

Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімдері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2024 жылғы 6 желтоқсандағы N 11-1-4/670 бұйрығымен Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына 2024 жылғы 17 желтоқсаннан бастап Қанатбек Қуанышұлы Серікбаев тағайындалды.

Серікбаев Қанатбек Қуанышұлы

1978 жылы 20 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар: 2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары мамандығы бойынша; 2012 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін жерге орналастыру мамандығы бойынша бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда қаласы, «Оңтүстікмұнайгаз» ААҚ моторист шәкірті, 3-разрядты моторист ретінде бастаған..

2001-2002 жж. Қызылорда қаласы «Нұр-Серік» ЖШС менеджері.

2002-2003 жж. Қызылорда қаласының «Казкоммерцбанк» ААҚ механигі.

2004-2006 жж. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің жетекші маманы.

2006-2008 жж. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару комитетінің бас маманы.

2008-2012 жж. ҚР Жер ресурстарын басқару Агенттігінің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Өңіраралық жер инспекциясының бас маманы.

2012-2013 жж. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер бөлімінің бөлім басшысы.

2013-2015 жж, ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы бөлімінің бөлім басшысы.

2015-2016 жж. Қызылорда облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы бөлімінің басшысы.

2016-2022 жж. Қызылорда облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы басшысының орынбасары мемлекеттік инспекторы.

2022 жылдың 11 сәуірінен бастап Қызылорда облысының Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

turaninfo.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.