Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тазалық сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынуда

0 53

Қала аумағында құрылыс қалдықтары, стихиялық қоқыстың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орынға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтыр 1392 тұрғынға ескерту беріліп, 35 адамға айыппұл салынған болатын.

Ал биылғы жылдың 15 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында көше бойына құрылыс материалдарын тастаған, қоршаған ортаны ластаған 264 заң бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 221 азаматқа ескерту берілсе, 43-іне айыппұл салынды.

Сондай-ақ 15 қыркүйектен бүгінгі күнге дейін тазалық талабын сақтамаған 201 нысан иесі анықталса, 164 азаматқа ескерту берілді. Сонымен қатар, 37 тұрғынға айыппұл салынды.
Ал 15 қазаннан 7 қарашаға дейінгі аралықта санитарлық-тазалық нормасына нұқсан келтірген 231 тұрғын анықталды. Оның ішінде 199 адамға ескерту берілсе, 28 нысан иесіне айыппұл салынды.
Сондай-ақ 7 қарашадан 29 қарашаға дейін жалпы 197 тазалық сақтамаған тұрғын анықталды. Оның ішінде 159 адамға ескерту берілсе, 38 нысан иесіне айыппұл салынды.
Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарап, айтылған ескертуді елемейтін тұрғындармен де түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, тазалық сақтамаған тұрғындарға, нысан иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.