Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарты бар үйдің қазынасы бар

0 31

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп білетін халқымыз, Халықаралық қарттар күнін назардан тыс қалдырған емес.
Аталған мерекенің мақсаты – қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне және өмір сапасын арттыруға көңіл бөлу әрі қамқор болуды көздейді.
Айтулы мерекеге орай бүгін аудан әкімі Е.Карентаев Мойынқұм ауылының тұрғыны, ұзақ жылдар бойы мал шаруашылығымен айналысқан Нұрбаев Берік ақсақалдың үйіне арнайы барып, шапан жауып, сый-сияпат себетін ұсынды.
Жылы жүзді жүздесу барысында ақ тілектің тиегі ағытылып, әсерлі естеліктер айтылды. Саналы ғұмырын мал шаруашылығына арнаған ардагер өз кезегінде мерекемен құттықтап, ілтипат білдірген аудан басшысына алғысын білдіріп, батасын берді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.