Қоғамның тұрақты дамуы мен мемлекеттің өркендеуі, ең алдымен, ел азаматтарының құқықтық мәдениетіне, жауапкершілігіне және адамгершілік құндылықтарына байланысты. Адалдық пен әділдік – кез келген өркениетті қоғамның берік негізі. Сондықтан «Адал қоғам – әділетті мемлекеттің негізі» деген ұстаным – бүгінгі күннің маңызды құндылықтарының бірі.
Адалдық – адамның сөзі мен ісінің бір жерден шығуы, өз міндетіне жауапкершілікпен қарауы, өзгеге қиянат жасамауы. Адал азамат өз пайдасын ғана емес, қоғамның ортақ мүддесін де ойлайды. Осындай азаматтардың қатары көбейген сайын елдегі өзара сенім нығайып, қоғамдық тұрақтылық қалыптасады.
Әділетті мемлекет құрудың басты шарты – заңның баршаға бірдей болуы. Заң үстемдік еткен жерде адамның құқығы қорғалады, азамат пен мемлекеттік орган арасындағы сенім артады. Мемлекет пен азаматтың өзара жауап- кершілігіне негізделген қоғам ғана тұрақты әрі берік бола алады.
Мемлекеттік қызметшілердің бұл бағыттағы жауапкершілігі ерекше. Себебі мемлекеттік қыз- мет – халықтың сеніміне негізделген қызмет. Мемлекеттік қызметші өз жұмысында адалдықты, әділдікті, ашықтықты, сыпайы- лықты және кәсібилікті басшылыққа алуға тиіс. Мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттарында да қоғам игілігіне адал қызмет ету, заңды әрі әділ шешім қабылдау және азаматтардың құқықтарын құрметтеу талаптары белгіленген.
Адал қоғам қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтумен де тығыз байланысты. Жемқорлық – мемлекет дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін әлсірететін құбылыс. Сондықтан оған қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті болуы қажет.
Адалдық отбасынан басталып, білім беру ұйымдарында қалыптасып, еңбек ұжымында жалғасады. Жас ұрпаққа адал еңбек ету, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, заңды құрметтеу сияқты қасиеттерді үйрету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Себебі бүгінгі тәрбиелі ұрпақ – ертеңгі әділетті мемлекеттің тірегі.
Қоғам мен мемлекет арасында сенім болған жерде даму да, тұрақтылық та болады. Ал сенімнің негізі – ашықтық, әділдік және адалдық. «Әділетті Қазақстан» идеясын жүзеге асыруда «Адал азамат» ұстанымының маңызы зор. Адал азамат – өз ісіне жауапты, еңбекті бағалайтын, заңды құрметтейтін және елінің болашағына бейжай қарамайтын азамат.
Адалдық бар жерде – сенім бар. Сенім бар жерде – бірлік бар. Бірлік бар жерде – береке мен даму бар. Сондықтан әділетті мемлекетті қалыптас- тыру – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Адал азаматтар көбейген сайын адал қоғам қалыптасады, ал адал қоғам – қуатты әрі әділетті мемлекеттің мызғымас негізі.
Марат ДАУЛЕНОВ,
Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің
«Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы