Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Барысхандағы» төрт көшеге асфальт төселді

0 1  115

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында жол құрылысына айрықша мән берген еді.

– Автокөлік жолдары – елдің экономикалық және әлеуметтік тыныс-тіршілігінің күретамыры. Негізгі қалаларымыз бен аймақтарымыздың арасын сапалы жолдармен жалғау маңызды. Сапалы жол жалпыұлттық міндетке айналуы керек. Жолдың сапасы жақсармай, еліміздің дамуы туралы сөз қозғау мүмкін емес, – деген Президент аймақ басшыларына нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Осыған орай, Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Әсіресе шаһар маңындағы шалғай алқаптар – айрықша назарда.
Атап айтсақ, биыл «Барысхан» алқабындағы 8 көшені жөндеуден өткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда Қуанышбеков, Қызылқайнар-1, Сарыбас ақын, Рахмати көшелеріне асфальт төселсе, қалған Ақбұлым, Алматинская, Алыптегiн, Қызылқайнар-2 көшелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша мердігер мекеме «UNISERV» ЖШС-мен қолға алынған жобаға сәйкес, жалпы ұзындығы 16,2 километрді құрайтын 24 көше тақтайдай тегіс жолдың игілігін көреді. Нысан келесі жылға өтпелі. Былтыр тұрғындардың сұранысы бойынша негізгі қоғамдық көлік жүретін бір көше толықтай асфальтталды.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.