Қалалық қоғамдық-саяси газет

№13 және №18 автобус бағыттары тұрғындарға қызмет көрсетуді бастады

0 250

Бүгінде Тараз қаласында тұрғындар сұранысын ескере отырып автобустарды жаңалау бойынша ілкімді істер қолға алынуда. Қаланы дамытудың 3 жылдық жоспарында да бұған баса мән берілген.

Осыған орай жуырда облыс орталығында 32 автобус ел игілігіне берілген болатын. 32 жаңа қоғамдық көліктің 20-сы «RashLau» ЖШС-не тиесілі. Аталған серіктестік – жолаушыларды тасымалдау қызметіне жаңадан қосылған мекеме. Олардың тарапынан жеткізілген «Isuzu» маркалы автобустар 70 адамға шақталған және төмен еденді пандуспен, бақылау жүйесімен толығымен жабдықталған.
Әкелінген автобустар бұған дейін тоқтап тұрған №13 және №18 бағыттарды қалпына келтірді. Қазіргі таңда аталған бағыттар бойынша тасымалдау құқығына ие конкурс нәтижелері толықтай аяқталып, жаңа маршруттар жолға шықты.

Нақтырақ тоқталсақ, №13 маршрут «Жансая» ықшамауданынан бастап Шостакович, Рысбек батыр, Аппасов, «Ұлы Дала»(15) ықшамауданы, «Бурыл» алқабы, Асқаров көшесі, Орталық базар, Мәмбет батыр көшесі арқылы «Ауыл береке» базарына қатынайды.

Ал №18 бағыт «Ұлы Дала» ықшамауданынан бастап Сүлейменов көшесі, Төле би даңғылы, Сыпатай батыр көшесі, «Ауыл береке» базары, «Жігер» алқабы, Автовокзал аумағындағы Онкологиялық және бейімдеу орталықтары мен «Барысхан» алқабын қамтиды.

Автобустардың жүру жиілігі 14-15 минутты құрайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.