Қалалық қоғамдық-саяси газет

Орталыққа келушілердің талап-тілегі орындалуда

0 253
Қазіргі таңда Тараз қаласында жол құрылысы қарқынды жүруде. Бұл тұрғыда шалғай аумақтарда орналасқан әлеуметтік нысандар айрықша назарға алынған.
Соған орай бүгінде облыстық әлеуметтік оңалту орталығы мен IT лицейге кіре беріс жол салынуда. Аталған екі нысанға да аялдайтын тұрғындардың қарасы қалың. Әсіресе, оңалту орталығына мүгедектігі бар азаматтар жиі қатынайтындықтан осы маңға жол салу мәселесі тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп келген еді. Енді соның сәтін салып, «Жамбыл ДорМостСтрой-Сервис» ЖШС мердігерлігімен жол құрылысы қолға алынып отыр. Мұнда ұзындығы 1483 метрді құрайтын жолдан бөлек, жаяу жүргіншілер жолы (тротуар) да қарастырылған. Техникалық қадағалаушысы – «SEB-NAR» ЖШС.
Қазір құрылыс басында 20-дан астам адам мен 5 техника жұмыс істеуде.
Жол құрылысының сапалы әрі межеленген мерзімде аяқталуы Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің тікелей бақылауында.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.