Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өнеркәсіп өркендесе, өңірдің өрісі кеңейеді

0 156

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 494,9 млрд теңгеге өнім өндірілген. Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек мәлімдеді.

Алайда 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптің бірнеше салаларында көрсеткіштердің төмендеуі тіркелген. Десе де бірқатар позиция бойынша өндіріс көлемін ұлғайту жоспарлануда. Атап айтқанда, сары фосфор өндіріс жоспары 88 мың тоннаға, ферроқорытпа өндіріс жоспары 9 мың тоннаға, қант өндіріс жоспары 160 мың тоннаға жетпек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.