Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауылдықтар жарқын жобаның жемісін жеуде

0 161

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Баяндамасы барысында Әбілхайыр Ғалымұлы аймақтағы «Ауыл аманаты» жобасының іске асу барысына тоқталды.

Облыста «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 2023 жылы республикалық және жергілікті бюджеттен жалпы 24,1 млрд теңге бөлініп, 38 ауылдық округте 4 076 жоба несиелендірілген. Несие қайтарылымы 99,6%-ды құрап отыр екен.

– 2024 жылға 10,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаржыға 1 200-ге жуық несие беру көзделуде. Жалпы биыл мал сатып алу жобаларын қоспағанда, ауыл шаруашылығы және одан тыс кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін қаржыландыру жоспарланған.

Осы кезеңде 10 мыңға жуық жеке кәсіпкерлер ашылады және мультипликативтік әсерінің нәтижесінде тұрғындардың табысын арттыруға, өндірістің, салық көлемін ұлғаюына және басқа да салаларға оң әсерін тигізеді.

Одан бөлек, жеке қосалқы шаруашылықтарды малмен қамтамасыз ету мақсатында ірі шаруашылықтар арқылы «тауарлы несиелендіру» жобасы іске асырылады. Бүгінгі күнге аталған жобаның толық ережелері, тараптардың міндеттері, басқа да шаруашылық-құқықтық қарым қатынастары қарастырылып, операторлар тізімдері анықталуда,– деді Әбілхайыр Ғалымұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.