Қалалық қоғамдық-саяси газет

7 айда 250 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған

0 115

Ағымдағы жылдың 7 айдың қорытындысы бойынша облыста негізгі капиталға 247,3 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға артқанын көрсетіп отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясының барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек аталған бағыттағы жұмыстарға кеңінен тоқталды.

– Сонымен қатар, осы жылы 148,9 млрд теңгеге 633 жұмыс орнын құрап, 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда, құны 139 млрд теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін құны 10,1 млрд теңгеге 5 асырылады. Бұл жобалар іске асырылғаннан кейін әлеуметтік жауапкершіліктері бойынша облыс үшін мектеп, балабақша, спорт кешендері және өзге де нысандар халық игілігі үшін көмек көрсетеді, деді Әбілхайыр Ғалымұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.