Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңғырған тұрғын үйлер шаһар шырайын ашады

0 147

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Өз сөзінде Бақытжан Әмірбекұлы облыс орталығындағы көпқабатты үйлерді жаңғырту жұмыстарына тоқталды.

– Тараз қаласының тұрғын үй қорында 1 438 көппәтерлі тұрғын үй болса, 1 103 үйдің пайдалануға берілген мерзімі 30 жылдан асқан. Оның ішінде 614 үй жөндеуден өткізуді қажет етеді. Биыл 53 көпқабатты тұрғын үйді модернизациядан өткізу жоспарланып отыр. Республикалық бюджет есебінен қаржысы толық қарастырылды. Сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаланың орталық көшелеріндегі 24 көпқабатты тұрғын үйдің сәулеттік келбетін жаңарту жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта 11 үйдің сырт келбеті мен шатырын жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айының ішінде аяқталады. Ал қалған 13 үйді келесі жылы жаңғырту жоспарланған, – дееді қала әкімі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.