Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ниетқалиев көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды

0 41

Жол – экономиканың күретамыры. Ал қалаішілік шағын жолдар – қайнаған тіршіліктің тірегі. Сондықтан ағымдағы жылы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына ден қойылуда.

Айталық, қаладағы Қойгелді көшесінен Жамбыл даңғылына дейінгі аралықтың сапасыз жолы тұрғындарға қолайсыздық тудырып келген еді. Осыны ескерген қалалық әкімдік аталған көшені жөндеу жұмыстарын қолға алған болатын. Нәтижесінде, «Арайстроймаркет» ЖШС-нің мердігерлігімен аталған аралықтағы жалпы ұзындығы 520 метр жерге 2 қабат асфальт төселіп, жолдың ені 14 метрге кеңейтілді. Сондай-ақ көліктерді қоюға арналған арнайы бөліктер де жасалды. Қазіргі таңда аталған нысандағы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, енді алдағы уақытта мұнда жаяу жүргіншілер жолы салынады.

Еркін Сайын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.