Қалалық қоғамдық-саяси газет

11 үйді жаңғырту қарқынды жүруде

0 938

Тараз қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде. Олардың қатарында шаһардың орталығы Төле би даңғылының бойында орналасқан 11 көпқабатты тұрғын үй де бар.

Аталған үйлердегі жұмыстар облыс орталығына бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатымен қолға алынған болатын. Осыған орай, олардың қасбеттерін, шатырларын күрделі жөндеу үшін мердігер «Күмбез-Тас» ЖШС жобалық-сметалық құжаттама әзірлеген еді. Қазіргі таңда «Қаратау құрылыс 2030» ЖСШ-нің мердігерлігімен жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде құрылыс жұмыстарына 110-нан астам жұмысшы мен 8 арнайы техника жұмылдырылған. Күрделі жөндеу жұмыстарын тамыз айының ішінде аяқтау жоспарланып отыр.
Жалпы биыл қала аумағында 53 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілмек. Аталмыш жұмыстар Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында атқарылады. Ол үшін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне бюджеттік өтінім ұсынылған.
Айта кетейік, бүгінгі күні қаланың тұрғын үй қорында 1 438 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның 151-і барак типтес болса, 1 287-сі екі және одан жоғары қабатты үйлер. Сондай-ақ шаһар аумағындағы 1 103 үйдің пайдалануға берілген мерзімі 30 жылдан асқан. Оның ішінде 489 үй күрделі жөндеуден өткізілсе, қалған 614-ін алдағы уақытта жаңғырту жоспарлануда.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.