Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биыл Таразда 75 аялдама орнатылады

0 964
Бүгінде Тараз қаласында қоғамдық көліктердің саны артып, қосымша бағыттар ашылуда. Бұл өз кезегінде аялдамаларға деген қажеттілікті туындатып отыр. Жазда көлеңке, қыста ықтасын болатын аялдамалар тұрғындардың жайлы тұрмысы үшін де маңызды. Оның үстіне жаңғырған аялдамалар қала келбетіне сән қосып, шырайын келтіреді.
Айталық, 2023 жылы қала аумағында 36 дана аялдама орнатылды. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде оның жиырма бір данасын «RusStroy» ЖШС, он бесін «Строительная компания NSN» ЖШС жүзеге асырды. Сонымен қатар, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС тарапынан бұрын қолданыста болған 6 аялдама қайта жаңғыртылды.
Ал биыл 75 аялдаманы тұрғындар игілігіне беру жоспарлануда. Мердігер мекеме – «Daryn KazStroyGroup» ЖШС.
Мерей Сарманова,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Конвергентті журналистика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.