Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері тағайындалды

0 438
Қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының байқау кеңесінің ұсынысымен 2024 жылғы 27 мамырдан бастап Қалалық көп бейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
Х.Мурзакасымов 1975 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш аулында дүниеге келді.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығымен бітірген.
«Менеджменті» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл облыстық ауруханасында аға мейіргерден бастады;
2001-2002 жылдары №2 қалалық ауруханасының хирург дәрігері;
2002-2009 жылдары №2 қалалық ауруханасының уролог дәрігері;
2009-2014 жылдары №2 қалалық ауруханасының урология бөлімшесінің меңгерушісі;
2014-2017 жылдары №2 қалалық ауруханасының бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары;
2017-2023 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу –алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары;
2023 жылғы ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қалалық көп бейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығы бас дәрігерінің орынбасары, бас дәрігердің міндетін атрушы қызметтерін атқарды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.