Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғын үй құрылысы тұрақты назарда

0 280

Тараз қаласында пилоттық жоба аясында 255 жеке тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Нұрлы жер» бағдарламасы 2017 жылдан бастау алған. 255 жеке тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын 4 мердігер жүргізуде. Атап айтқанда, 150 тұрғын үйдің құрылысын «Ремстрой-СС» ЖШС, 50 тұрғын үйдің құрылысын «Компания Сырым Блеке» ЖШС, 5 тұрғын үйдің құрылысын «KCC Construction» ЖШС, 50 тұрғын үйдің құрылысын «Damdes құрылыс invest» ЖШС-і жүргізуде.

Жалпы 14 үйдің құрылысы аяқталған. 2018 жылы 5 үй («KCC Construction» ЖШС), 2019 жылы 9 үй («Ремстрой-СС» ЖШС – 4 үй, «Компания Сырым Блеке – 5 үй) пайдалануға тапсырылды. 8 үйдің құжаттары толық рәсімделген, 6 үйге банк арқылы құжаттары рәсімделуде. Бұл бағытта жұмысты жандандыру үшін бірінші кезекте үйлерді электрмен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет. Осы мәселені шешу мақсатында15-ші мөлтек ауданын және 255 жер үйді электрмен қамтамасыз ету үшін қаладағы Сабалақов және Крупская көшелері алқабындағы 15-ші мөлтек ауданын электрмен қамтамасыз ету құрылысын салу жүргізілуде. Бас мердігер – «Пырақ құрылыс» ЖШС. 2019 жылға қарастырылған 1 111,1 млн теңге (РБ – 1 000,0 млн теңге, ОБ – 111,1 млн теңге) толығымен игерілді, нысан 2020 жылға өтпелі.
Электрмен қамтамасыз ету мәселесін уақытша шешу мақсатында ағымдағы жылдың 10 шілдесінде «Тараз қалалық электр желілері» ЖШС-іне 255 жер үйді уақытша электрмен қамтамасыз ету үшін техникалық шарт беру туралы хат жолданып, мекеме тарапынан келісім алынды.

Бүгінгі таңда соғылған 9 үй және құрылысы жүргізіліп жатқан 6 үйге электр қуатын жүргізу бойынша құрылыс бөлімінің тарапынан 15 бағана мен желілер қамтамасыз етіліп, мердігерлердің қаражаты есебінен орнату жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар қосымша 10 бағана 16 тамызға дейін дайын болады.

Тараз қаласының әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.