Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

Тиісті сала мамандары тәулік бойы қар тазалауда

0 441

Жазы жайдары, қысы жылы Таразда табиғат тартуы кімді де болсын таңғалдырмай қоймасы анық. Кейде құбылып тұратын шаһардың сырлы мінезі кімді болса да сүйсіндіреді.

Алайда биылғы қыстың қытымыр мінезі жылы жаққа үйренген тараздықтарды жыларман күйге түсірді. Оған себеп – өткен жылдың соңы мен осы жылдың басында қар қалың түсті. Қаңтар айының қақ ортасында қаламызға тағы да қар жауып, көшелерге ақ кілем төселгендей әдемілік пен әсемдіктің әсерін сыйлап тұр. Алайда осы әсемдік екі күннен бері әулиеаталықтарды әбігерге салғанын да айта кетейік.
Таразда екі күннен бері толассыз жауған қар қаланы ақ ұлпаға орады. Облыс орталығында «Жасыл ел-Тараз» ЖШС тарапынан 2023-2024 жылдың қысқы маусымында шаһар аумағындағы автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдарында (тротуар) төтенше жағдайлар туындамас үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Айталық, бүгінгі күні қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қазіргі таңда қала қарын күреуге 192 жұмысшы мен 47 техника жұмылдырылған.
Атап айтқанда, Абай, Көшеней, Ы.Сүлейменов, Жамбыл даңғылы, Тәуке хан, Төле би көшелері мен әуежай аймағы, парктер мен скверлер, сондай-ақ басқа да көшелер мен аялдамалардағы қар тазаланып, жолдар аршылды.
Шаһар аумағынан қазірге дейін 500 текше метрден аса қар шығарылды. Күрелген қар тасымалдаушы техникалар көмегімен арнайы орынға төгілуде.
Мамандар шаһарда қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы кезекпен атқаруда.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.