Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көпбалалы аналарға арналған жаңа жұмыс, бизнес жобалар таныстырылды

0 746

Жамбыл облысында тұт ағашын егу арқылы жібек құртын өсіріп жібек мата шығару қолға алынбақ.

«Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында, облыс әкімінің қолдауымен «Жер -Ана» ауылдық фермерлер Корпоративтік Қоры «Тұт ағашын өсіру арқылы жібек құртын өндіру» бизнес жобасының презентациясын жасады.

Презентацияға облыстағы ауылдық фермер-әйелдер, іскер әйелдер, ғалым, қолөнер әйелдер қауымы, қоғам белсенділері қатысты.

Тұт талдар өсіру, Жібек құрты өсіру және жібек мата өндіру пилоттық жобасы Байзақ ауданынан бастау алғалы отыр. Жоба барысында  500 әйел азаматшаларды жұмыспен қамту көзделуде.

«Жер- Ана» Корпоративтік қорының бұл бастамасы алдағы уақытта барлық аудандарда қолдау тауып мыңдаған ауылдағы отбасыларға жұмыс орнын табуға мұрындық болмақ.

Сонымен қатар, барлық ауданда «Жер -Ана» ауылдық фермерлер Корпоративтік Қорының мүшелері жұмыс атқарады. Алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту мақсатында қор мүшелері ауданда да осы жобаны қолға алмақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.