Қалалық қоғамдық-саяси газет

Желтоқсан көшесіндегі қарқынды жұмыс

0 335

Тараз қаласындағы Желтоқсан көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүруде.

Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейінгі аралықтағы құрылыс алаңында қазіргі таңда жол негіздемесі толық дайындалып, жаяу жүргіншілер жолына асфальт төселді. Сондай-ақ жол жиегіне бордюрлер орнатылды. Енді бірер күнде асфальт жабындысының 1-қабаты (КЗ) салынғаннан кейін 2-қабаты (ЩМА) төселетін болады.
Ұзындығы жарты шақырымды құрайтын жолдың құрылыс жұмыстарын «B grass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Техникалық қадағалаушы – «АКГЕМ СТРОЙ» ЖШС.
Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, жөндеу жұмыстарының мерзімі – 90 күн. Қазіргі таңда мердігер мекеме құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік кестеден озып жүргізуде. Сәтін салса, Желтоқсан көшесіндегі жол құрылысы осы айдың аяғында аяқталады деп жоспарлануда.

Еркін Сайын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.