Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қалада қураған ағаштар кесілуде

0 492
Қазіргі таңда Тараз қаласын жасыл желекпен көмкеру бағытында ілкімді істер қолға алынуда. Дегенмен, қураған көпжылдық ағаштар қаланың көркін бұзып тұрғаны жасырын емес. Әбден қурап, құлауға айналған ағаштар маңайдағы тұрғындардың да өміріне қатер төндіруі мүмкін. Сондықтан бүгінде аталған мәселе аса өзекті болып отыр.
Айталық, 2022 жылы қураған ағаштар мен инженерлік желілерге, тұрғын үй ғимараттарына кедергі келтірген ағаш бұтақтарын кесуге қала тұрғындары мен заңды тұлғалардан жалпы саны 919 жолданым келіп түскен. Сондай-ақ 2023 жылдың 1 тамызына дейін тұрғындар мен заңды тұлғалардың арызы бойынша 460 акт рәсімделген.
Бүгінгі күні тиісті өтінімдер негізінде жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде шағымдардың 55 пайызы қанағаттандырылды.
Тұрғындар мен заңды тұлғалардың арыздарынан бөлек, биыл қалалық полиция басқармасының нұсқамалары бойынша жол бойындағы кедергі келтірген, жол белгілерін жауып тұрған тал бұтақтарын кесу бойынша 168 мекенжай, әкімдік тапсырмасы негізінде 14 көше бойындағы ағаштарды бұталау жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстар «Жасыл ел – Тараз» мекемесі арқылы жыл бойы атқарылады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.