Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

0 320

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Шөлдала» алқабының тұрғындарымен кездесті. Әуелі шаһар басшысы алқапта атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

– Бүгінде «Шөлдала» тұрғын алқабында 4 198 жеке тұрғын үй бар. Мұндағы халықтың жалпы саны 16 449 адамды құрайды. Бүгінде «28 саяжай», «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Казарма», «Жиделі» тұрғын алқаптарын электр желісімен қамтамасыз ету бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2021 жылдың сәуір айында басталып, 5 771 тұрғын үйге электр желілері тартылған. Ал былтыр «Лето», «Құмшағал», «Весна», «Шерстянник», «Казавтоматика», «Бақшашы-1,2,3», «Водник», «Радуга», «Железнодорожник», «Авторемонтник» саяжайларының 2 471 тұрғын үйі жаңа желі арқылы уақытша электр қуатын пайдалануда. Аталған саяжайларда 12 қосалқы подстанция қойылған. Биыл 3 300 үйге электр желісін қосу жоспарланып отыр. Қалған «Ветеран», «Восход», «Алма», «Химстройтел», «ГРЭС», «Жамбылстрой» саяжай-ларындағы 800 тұрғын үйге абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған жеке тұрғын үйлерді абоненттеу жұмыстарын ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқтау көзделуде, – деді қала әкімі.
Сондай-ақ шаһар басшысының сөзінше, сумен қамтамасыз ету, абаттандыру бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. Бұдан бөлек, «Шөлдала» алқабына қатынайтын №60 маршрут бағытына тұрғындар сұранысына байланысты қосымша 2 аялдама орнатылған.
Келесі кезекте тұрғындар көкейдегі сауалдарын жолдап, талап-тілектерін білдірді. Мұндағы жұртшылықты ауыз су, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, қоғамдық көлік, қоқыс шығару сынды өзекті мәселелер толғандырады екен.
Әрбір сауалды мұқият тыңдаған Бақытжан Әмірбекұлы барлық мәселе жоспарға сай, кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.