Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастардың мақсаты айқын, жоспары жұмыр

0 1  072

Тараз қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысының кезекті отырысы өтті. Кеңестің күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Ең әуелі Тараз қаласында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасының орындалуы туралы Жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов баяндама жасады.

І жартыжылдық қорытындысы бойынша орталық тарапынан 11 бағыт бойынша 416 іс-шара ұйымдастырылып, оған 18 500 адам қамтылған. Сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, волонтерлық бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілген. Жастардың алға қойған мақсат-міндеттері де айқын. Атап айтсақ, ІІ жартыжылдықта «Қоғамдық лекция» жобасы, жоғары сынып оқушыларына бағытталған «Кәсіптік бағдар» жобасы, «Еңбек адамы – қоғамның қозғаушы күші» атты жас жұмысшылар слеті, «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты жас отбасылар форумы, «Ozekti» дискуссиялық клубы және «Жастар мәслихаты» жобаларын ұйымдастыру жоспарлануда.
Кеңес отырысында жұмыссыздық үлесін азайту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар, оның ішінде Neet санатындағы жастарды жұмыспен қамту, оларға арналған бағдарламады кеңінен насихаттау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу сынды мәселелер де қаралып, нақты ұсыныстар айтылды.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.