Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұрғын үй құрылысы қарқынды

0 397

Бүгінде Тараз қаласының аумағы кеңейіп, халық саны артып келеді. Соған орай көпқабатты еңселі тұрғын үйлер көптеп бой көтеруде. Оның үстіне халықты баспанамен қамту – мемлекеттің алға қойған басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта облыс орталығында да ілкімді істер атқарылып жатқанын айрықша атап өткен жөн. Мәселен, қазіргі таңда шаһарда 4 арендалық, 42 кредиттік тұрғын үй бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 2 тұрғын үй қабылданса, қалғандары ағым-дағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Осы орайда айта кетерлігі, жоғарыда аталған тұрғын үйлердің құрылысы Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі тарапынан жүргізіліп, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің теңгеріміне алынды. Алдағы уақытта мұндағы пәтерлер «Отбасы банк» АҚ тарапынан халыққа «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламалары аясында беріледі. Жалпы бүгінге дейін Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі тарапынан 77 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне ұсынылды.
Бұдан бөлек, келер жылы А.Асқаров көшесінің соңындағы тұрғын алқабы мен №14 ықшамауданда бірқатар көпқабатты үй есігін айқара ашпақ.
Халқымызда «Баспана – бақыт шамы» деген қанатты сөз бар. Осы сөздің қаншалықты маңызды екені уақыт өткен сайын дәлелденіп келеді. Сондықтан біз тұрғындарды қуанышқа кенелтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай да жалғастыра береміз.

Даурен Садуакасов,
Тараз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.