Городская общественно-политическая газета

Қауіп-қатерге төтеп бере алатынын дәлелдеді

0 134

Табиғатта тосыннан келетін үш тілсіз жау болса, соның бі- рі – өрт. Адам өмірінің қауіпсіздігі қай кез болмасын назардан тыс қалған емес. Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Луговой ауылындағы Максим Горький атындағы орта мектепте аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Аталмыш жиынға жеке құрамнан бөлек апаттар медицинасы орталығының құтқару тобы және мектеп әкімшілігі қатысты.
Өрт сөндіру қызметкерлері келместен бұрын, мектеп оқушылары қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 5 тонналық су көлігі және арнайы өрт сөндіру құралдарымен келген арнайы топ оқушыларға өрт шыққан сәтте орындалатын ең алғашқы шаралармен таныстырды. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұрболат Кәдірханов:
– Жылыту маусымына байланысты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі шаралары, пеш құрылғыларын пайдалану ережелерін түсіндіру мақсатында осындай оқу-жаттығу шараларының маңызы зор, – деп атап өтті.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу кезінде күштік құрылымдар өздеріне жүктелген мақсат-міндетті ойдағыдай орындап, кез келген қауіп-қатерге төтеп беруге әзір екендіктерін тағы бір дәлелдеді.

Балжан ЕРЛАНҚЫЗЫ, Т. Рысқұлов ауданы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.