Городская общественно-политическая газета

Сақтық шараларының маңызы зор

0 142

Жамбыл облысының құтқарушылары демалыс күндері бірнеше шақыртуларға аттанды. Мәселен, 3 желтоқсан күні сағат 06.09-да Тараз қаласы Көшеней көшесінде орналасқан «Dunyo» мейрамханасының жертөлесінде ағаш отын мен көмір өртенді. Оқиға орнына Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінен 2 өрт сөндіру автокөлігі мен 8 адам жеке құрам шықты. Өрттің ауданы 30 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жертөленің қабырғалары, терезелері, есігі зақымданып, ағаш және 1,5 тонна көмір отыны жойылды. Өрт сөндірушілер өртті 24 минутта сөндірді.

Ал 4 желтоқсан күні сағат 15.53-те Тараз қаласы Жібек жолы көшесінде «Бекнұр» моншасының ауласында 1991 жылы шыққан жеңіл автокөлік өртке оранғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінен 1 өрт сөндіру автокөлігі мен 5 адам жеке құрам шығып, өртті 15 минутта ауыздықтады. Өрт салдарынан автокөліктің қозғалтқыш бөлігі істен шықты.
Сондай-ақ Сарысу ауданы Жаңатас қаласында 5 қабатты тұрғынүйдің 4-ші қабатындағы балконда қалып қойған (балкон есігі құлыптанып қалуы себепбі) ер адамды автосаты көмегімен құтқару жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, демалыс күндері Жамбыл облысының өрт сөндіруші-құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарына – 1, іздестіру жұмыстарына – 1, қоқыстың және көмірдің жану оқиғасына – 2, есік ашу жұмыстарына – 3, түтіннен тазарту жұмыстарына – 1, расталмаған жану оқиғасына – 1 рет шықты.
Жоғарыда аталған өрт оқиғалары мен төтенше жағдайлардан қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеген.
Құрметті облыс және қала тұрғындары! Үйден шығарда балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмай, электр және газ құралдарын қуат көзінен ажыратып, үйді жылыту үшін пеш жаққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Сондай-ақ ауа райының қолайсыз кездерінде жолға шығуды кейінге қалдырған жөн екендігін естен шығармауды сұраймыз. Ал өрт немесе төтенше жағдайлар туындағанда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу ақысыз негізде жүзеге асырылады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.