Городская общественно-политическая газета

Еріктілердің еңбегі ерен

0 123

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Волонтерлік – патриотизмнің бір көрінісі. Еріктілер, ең алдымен, елдің игілігіне қызмет етеді. Олардың жұмысы азаматтық қоғамды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Волонтерлік – «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» әрекет ету.

Волонтерлік – халқымыздың шынайы болмысы. Бұл бастама ұлтты ұйыстырып, мемлекеттілікті нығайту үшін қажет. Волонтерлік – мемлекет пен қоғам ілгерілеуінің жарқын көрінісі. Елдің дамуы мен жетістігі халықтың патриоттық белсенді әрекетіне тікелей байланысты. Олар күн сайын маңызды қызмет етеді. Мұндай азаматтар бізде аз емес. 16 мың адам – бастапқы меже. Келешекте жүз мыңдаған, миллиондаған адам жан-тәнімен, ерікті түрде волонтерлікпен айналысатынына сенімдімін. Мемлекеттің, атқарушы биліктің және Парламент депутаттарының міндеті – волонтерлік қозғалысқа атсалысуға мүмкіндік беру.
Волонтерлік қызмет реформаларды жүзеге асыруда, жалпы мемлекетімізді жаңғыртуда маңызды рөл атқарады. Яғни волонтерлер өздерінің іс-әрекетімен аса маңызды реформаларды жүзеге асыруға нақты үлес қосады. Еңбекқорлық, әлемге ашықтық арқылы озық технологияға және жоғары еңбек өнімділігіне негізделген жаңа экономика құра аламыз. Волонтерлік идеясын белсенді ілгерілету отандастарымыздың ой-санасының жаңа парадигмасын жаңғыртуға ықпал етеді», – деген болатын.
Расында, бүгінде еріктілер көпке үлгі болып, игі істердің басынан табылуда. Облысымызда да волонтерлік қызметтің көкжиегі кеңейіп, жұмысы жандануда. Мәселен, облыс аумағында аталған қызметпен құрамында 12 мыңнан аса волонтері бар 13 ұйым айналыcады. Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36, Тараз қаласы мен барлық аудандық ресурстық орталықтарының жанынан 154 волонтерлік топ құрылған. Сонымен қатар өңірімізде волонтерлік жұмысты жандандыру мақсатында барлығы 12 бағыт бойынша 15 692 адамды қамтыған 1 209 іс-шара өткізілген.
Елімізде еріктілердің қызметіне ерекше көңіл бөлінуде. Соның нәтижесінде волонтерлікті дамыту бойынша бастамашыл топтар 15 шағын грант жеңіп алды. Атап айтқанда BIRGEMIZ: QAMQOR бағыты бойынша жалғызбасты қарттарға қамқорлық көрсету, әлеуметтік қорғау жүйесінің нысандарында тіркелген, асыраушысынан айырылған немесе еңбекке жарамсыз қаттардың клубын құру, хобиларын дамыту мен қолдау және волонтерлердің қарттармен жұмыс жасауына ықпал ету мақсатында «ШЕБЕР ҚАРТТАР», «ЕРЕКШЕ АНСАМБЛЬ», «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ», «ЕСТЕ САҚТАУ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТ МЕКТЕБІ», BIRGEMIZ: TAZA ALEM бағыты бойынша қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен аулаларды тазарту, балаларды қоқыстарды сұрыптауға үйрету мақсатында «OZGERIS», «SANALY URPAQ», «ECO CHART», BIRGEMIZ: SABAQTASTYQ бағыты бойынша өмірлік қиын жағдайда қалған балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді өткізу, шығармашылық қабілеттерін арттыру, мәдени білім беру, қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «QOLONER», Ауылды жерлердегі волонтерлік бағыты бойынша ауылдық аймақтағы жұмыссыздық проблемасын шешу, ауылдық жерлерде экологиялық мәселелерді шешу, ең көп шығатын қоқыс түрлерінен жіне басқада материялдарды пайдалану арқылы ауылға жаңа бейне беру, ауылда мүмкіндіктерді пайдалану мақсатында «ПІКІР ИЕСІ», «ЖЕР ҚАЗЫНА», «JANA BEINE», ұлттық рухани жаңғыру/ұрпақтар сабақтастығы бағыты бойынша ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұмыт қалған салт-дәстүрлерді жастарымзға қайта көрсету мақсатында «ULTTYQ KERUEN», «DASTUR IQ», әскери патриоттық тәрбие бағыты бойынша жастарды әскери патриоттыққа тәрбиелеу, отанға деген сүйіспеншілі сезімін арттыру, патриоттық рухты дәріптеу, әскери өмірге және әскери мамандыққа көзқарастарын өзгерту мақсатында «OTAN OTTAN DA YSTYQ», BIRGEMIZ SAYLYQ бағыты бойынша онкологиялық немесе басқада емделмейтін аурулармен ауыратын мүмкіндігі шектеулі жандарға үй жағдайындағ емдеу мекемелерінде, хоспистерде күтім көрсету мақсатында «ДОВЕРЬСЯ МНЕ» жобалары іске асырылды.
Ерікті жастарымыз барда ел еңсесі биік болатынына еш күмән жоқ. Қауіпті коронавирус кезінде де ерікті жастар халыққа көмек көрсетіп, алғысқа бөленді. Ел басына қатер төнген қаңтар оқиғасы кезінде де осы жастар жұдырықтай жұмылып, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Қасіретті қаңтар оқиғасында жастарымыз да алаңнан табылып, олардан арнайы пулдар жасақталып, шеруге шыққан азаматтарға түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Олардың қатарында танымал спортшылар, жастар ұйымдарының көшбасшылары, ақындар мен өзге де салалардың белсенділері болды. Олар төтенше жағдай және коменданттық сағат кезінде халыққа жүріп-тұруы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, рейдтік шараларға қатысып, әлеуметтік осал топтағы халыққа азық-түлік тарату қатарлы қайырымдылық жұмыстарымен айналысты.
Ерікті жастар тек мұнымен шектелмей ғылыми және шығармашылық, зиялы қауым, оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы, үкіметтік емес жастар ұйымдарынан және белсенді студент жастардан құралған топ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан» идеясы аясындағы тапсырмаларды түсіндіру мақсатында жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен кездесулер де өткізіп тұрады.
Мәселен, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Алғыс айтамын бәріңе» атты акция, жастар көп шоғырланған орындарда түрлі тақырыптарда акустикалық кештер, «Наурыз FEST» кешенді іс-шарасы, облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, Тараз қаласы мен барлық аудандық орта мектептеріндегі пікірсайыс клуб жетекшілерінің біліктілігін арттыру курсы, облыс әкімінің жастармен кездесуі, «Ұлттың ұлы ұстазы» атты пікірсайыс турнирі, жас отбасыларға неке қию куәлігін табыстау рәсімі, «Шынның жүзі – Шер-аға» тақырыбында студенттер арасында дебат, «Бір шаңырақ астында» атты ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, «Жастар жаңа Қазақстанмен бірге!», «Мен Отанды қорғауға дайынмын!», «Әскердегі бір күн» акциялары, кіші футболдан «JAMBYL CUP – 2022» облыстық турнирі, жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – жоғарыдағы сөзіміздің дәлелі. Аталған шаралар әскери-патриоттық, спорттық, құқықтық, діни экстремизм мен терроризм, этносаралық бағыттарды қамтыды. Бұдан бөлек, Жамбыл, Меркі, Шу, Қордай секілді өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған аудандарда этносаралық келісімді нығайтуға арналған іс-шаралар да үздіксіз жалғасуда.
Тағы бір айта кетерлігі, жастардың демалысын тиімді өткізу мақсатында сарбаздар арасында спорттық ойындардан жарыстар, өнер байқаулары сияқты іс-шаралар жиі ұйымдастырылуда. Жыл басынан бері қала және аудандарда жастар ресурстық орталықтарының бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Рухани-адамгершілік», «Мәдени-шығармашылық», «Дін», «Экологиялық мәдениет», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» сынды 11 бағыт бойынша көптеген шаралар өткен. Бұдан бөлек, Тараз қаласы мен аудандарда «Asyl mura», «Bilim», «Qamqor», «Saylyq», «Sabaqtastyq» сынды 12 бағыт бойынша 10 387 адамды қамтыған 796 іс-шара өткізіліп, көпшілік көңілінен шыққан.
Еріктілердің еңбегі мемлекет тарапынан да ескерусіз қалып жатқан жоқ. Айталық, әр тоқсан сайын ерікті жастарға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министірінің, республикалық фронт офистің арнайы Алғыс хаттары табысталады. Бұған қоса күні кеше жерлесіміз Азамат Намелбек Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін» номинациясының жеңімпазы атанды.
Ерікті жастарымыз әрбір істе белсенділік танытып, қолдан келген көмектерін аямауда. Осылайша келешегіміздің кемел болуына үлес қосуда. Себебі осындай жастарымыз барда мемлекетіміз ғұмырлы, тәуелсіздігіміз тұғырлы болары сөзсіз.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.