Городская общественно-политическая газета

Ерекше жандардың ерекше бұйымдары

0 135

Облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында мүмкіндігі шектеулі жандардың өз қолдарымен жасалған бұйымдарының көрмесі өтті.

Шара барысында көпшілік назарына тоқыма, сурет, көркем еңбек, фетрден жасалған түрлі паннорлар, ұлттық нақышта орындалған көрпе-жастықтар, геоборд, бизиборд бұйымдары ұсынылды.

– Қолөнер бұйымдарын істеу нәтижесінде қызмет алушылардың жүйке жүйесі мен ми қабілеті жақсарады. Артық ойлардың арылып, көңіл-күйлері көтеріледі. Мәселен, тігін тігіп, құрақ құрау барша адамды ұқыптылық пен нәзіктікке тәрбиелейді. Олардың кәдесыйлар жасауға деген құрмет пен жауапкершілігі бұйымдардың өзінен де анық көрінеді. Әрқайсысы өздерінің жылуын көпшілікке жеткізуде, – дейді орталық директоры Қарлығыш Бибазарова.


Расында, көрмеге қойылған бұйымдарға қарап орталықтағы қызмет алушылардың мүмкіндіктері шектеулі болғанымен әлеуеттерінің зор екенін айқын аңғаруға болады.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.