Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұржан Нұржігітов Польша Республикасының бас консулымен кездесті

0 283

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Юзеф Тымановскимен кездесу өткізді.

Тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың ағымдағы жағдайы мен алдағы жоспарларды талқылады. Кездесуде негізгі салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға, білім беру саласындағы байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Аймақ басшысы екі ел арасындағы өзара достық қарым-қатынасты атап өтті. 2021 жылы Польшадан Жамбыл облысына тауар импорты 14,6 пайызға өсіп, 1,8 миллион долларды құрады. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындаға өзара сауда-саттық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66,9 пайызға артып, 2,2 миллион долларды құрады. Облыста 1997 жылы құрылған поляк тілі мен мәдениетінің «Полонез» орталығы жұмыс істейді.

– Жамбыл облысы – экономикалық әлеуеті жоғары, табиғи ресурстарға бай агроөнеркәсіптік бағытта қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Өңірде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді,- деді Нұржан Нұржігітов.

Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулы екі ел арасындағы, оның ішінде өңірлік деңгейде ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.