Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда 9-сынып оқушысының қайтыс болар алдында жазған хаты жарияланды

0 879

Таразда 9-сынып оқушысы 12-қабаттан секіріп, оқиға орнында көз жұмды деп хабарлады  turkystan.kz.

Жасөспірім қайтыс болар алдында Вконтакте парақшасында жазба қалдырған деп жазды  taraznews.kz. Оқушы ата-анасынан, туыстарынан және сүйікті қызынан кешірім сұрап, бәрінің көңілін қалдырғанын жазған.

Марқұм оқыған 24-гимназияның оқушылары, сондай-ақ мектеп оқушыларының ата-аналары мектепте жасөспірімге қатысты  проблема болғанын айтып отыр.  Оны бірнеше күн қатарынан шашы өсіп кеткені үшін сабақтан шығарып жіберген. Ата-аналар жаңа директор гимназия оқушыларына қатаң талап қойғанын атап өтті.

Оқушы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. Суицидтің себебі анықталып жатыр. Жазбаның мәтінін мамандар зерттейді.

Белгілі болғандай, мұндай жағдай мектепте бірінші рет болып отыр. Мектеп директоры білім мекемесіндегі қатаң тәртіп заң аясында орнатылғанын жеткізген. Ал Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков оқушының отбасына көңіл айтты.

«Өкінішке қарай, кеше Таразда оқыс оқиға болып, 14 жасар жасөспірім қаза болды. Бұл жағдай барлығымызды да есеңгіреткені рас. Қайғыдан қан жұтқан отбасыға, баланың жақындарына көңіл айтамын. Әрине, ауыр жағдай. Ата-аналарға бала тәрбиесіне көңіл бөліп, бақылаусыз қалдырмауларын сұранамын. Жаратқан ананы баласынан, баласын анасынан айырмасын!» – деп жазды әкім.

 

Тараз
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.