Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа жобалардың берері мол

0 381

Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының кезектен тыс ХXVII конференциясы өтті.

Толғанай АТАБАЙ Суретті түсірген Ю.Ким

Жиынға «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов, қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ардагерлер кеңесі қатысты. Конференция жұмысын «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанәділ Оспанов ашып, жүргізді. Күн тәртібінде саяси партияның ағымдағы жылдың ақпанындағы ХVIII съезінде қабылданған «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларының Тараз қаласында іске асырылу барысы талқыланды.

– «Nur Otan» партиясының кезекті ХVІІІ съезінде партия Төрағасы Н.Назарбаев көптің назарына, барша қоғам алдына партияның «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» және «Халыққа көмек» жобаларын ұсынған болатын. Бүгінде бұл бағдарламалардың барлығы жергілікті тұрғындар мен бұқара халықтың аса жоғары қолдауына ие болып отыр. Өйткені аталған маңызы жоғары, мәні ерекше партиялық жобалардың түпкі мақсаты халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған шаралар қатарында тұр. Мысалы, «Бақытты отбасы» партиялық жобасының ең басты мақсаты тұрмысы төмен отбасы мен әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеруге бағытталған. Сонымен қатар бұл мақсаттар әлеуметтік көмекке зәру отбасылар мен жас сәбилердің өмір сапасын жақсартуға, әлеуметтік-экономикалық қолдауларға негізделген. Бұл маңызды шаралардың басым бағыты – көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған және толық емес отбасы мүшелерін қолдауға арналған үлкен мемлекеттік қолдау. Әрине, бұл шаралар бір күнде шешімін таба салатын дүниелер емес екендігін бүгінгі қоғам да, осындай қолдауларға аса мұқтаж жандар да терең түсініп отыр. Біріншіден, бұл жоба үлкен қаржыны қажет етеді. Дегенмен Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің болашағы, мемлекетіміздің келешегі, ең бастысы, халқымыз бен отбасы қамы үшін осындай аса келелі мәселелерді партия съезінде ашық көрсетіп, тиісті құрылымдарға ресми тапсырма берген болатын. Бүгінде Тараз қаласында бұл партиялық жобаларды іске асыру мақсатында нақты атқарылар мақсатты жұмыстардың алғы шарттары жасалуда, – деген партия қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанәділ Ағабекұлы ауқымды жобаларды іске асыру барша қазақстандықтар бірлесіп атқаратын аса жауапты іс екенін алға тартты.
Келелі жиында «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесі бюросының мүшесі, Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы, партия мүшесі Қаржаубай Бекболатов жедел әрі нақты әлеуметтік көмек көрсетуді көздеген ұлттық жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Күн тәртібіне енгізілген екінші мәселе бойынша партия қалалық филиалы Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ конференция соңында облыстық «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXV конференциясына 57 делегат сайланды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.