Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бақытжан Орынбеков көппәтерлі тұрғын үйлерді аралады

0 409

Бүгін шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков қала аумағындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көппәтерлі тұрғын үйлерді аралады.Бүгінде модернизациядан өтіп жатқан үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жөнделуде.

Қала әкімі әуелі «Қарасу» шағын ауданындағы №24 үйдің жағдайымен танысты. 1977 жылы пайдалануға берілген үйдің жөндеу жұмыстары желтоқсан айында аяқталмақ. Сондай-ақ, шаһар басшысы аталған шағын аудандағы №26 үйге де барды. Жауын-шашын маусымы басталмай тұрып, алдымен шатырды жабу керектігін ескертті.

Ал, жөндеу жұмыстары өткен жылы аяқталуы тиіс «Жансая» шағын ауданындағы №30 үйдің құрылысы әлі күнге дейін аяқталмаған. Яғни, мердігер мекеме жөндеу жұмыстарын толық бітіріп, мерзіміне сай өткізбеген. Сәйкесінше, әкімдік тарапынан ескертулер жасалып, сотқа арыз жолданған. Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы үйдің тұрғындарымен тілдескен қала әкімі құрылыс жұмыстарының талапқа сай орындалуын қатаң бақылауда ұстауға атсалысуға шақырды. Бақытжан Әмірбекұлы облыс орталығында жөндеуден өтіп жатқан барлық тұрғын үйлердің шатырын жөндеу жұмыстарын қазан айына дейін аяқтауды тапсырды.

Бақытжан Әмірбекұлы «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы әрі өз мерзімінде орындалуын қадағалау үшін арнайы штаб құруды жүктеді. Оның төрағасы ретінде қала әкімінің орынбасары Нұрбол Қалдыбаев тағайындалды.

Енді жөнделіп жатқан баспаналар сала мамандарымен қатар Бақытжан Әмірбекұлының тікелей бақылауында болмақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.