Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Несие алуға мәжбүрлеген»: Әлеуметтік желіде әскери қызметкердің анасының аудиохабарламасы тарады

0 303

Өскеменде келісімшарт арқылы қызмет етіп жатқан әскеридің анасы ұлының қысым көргенін мәлімдеді. Сөзінше, рота командирі ұлын несие алуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Stan.kz.

Әйелдің аудиохабарламасын «Дорожный патруль» қоғамдық бірлестігінің белсендісі Антон Князев өз парақшасында жариялаған. Жазбада әйел командир ротасының ұлына мәжбүрлеп несие алғызғанын, үйіне азық-түлік тасытқанын, енді өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеген.

Келісімшарт арқылы қызмет етіп жүрген әскеридің анасы рота командирі мен ұлының әңгімесін әскери прокуратураға беретінін айтқан. Сонымен қатар офицерге қатысты психологиялық сараптама тағайындауды сұраған.

Бұл хабарламаға қатысты Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі пікір білдірген.

«Аталған дерек ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді, әскери полиция тексеріс жүргізіп жатыр. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылығы барлық деректер бойынша тергеу жүргізуде. Бүгінгі таңда 5518 әскери бөлімінің қызметкері лауазымынан шеттетілді. Тексеріс нәтижесі туралы қосымша хабарланады», – деді Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Бағдат Амангелді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.