Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қостанайдағы сиыр «аулау» операциясы үш сағатқа ұласты

0 243

Союға апара жатқан жерінен жүк көлігінің шанағынан секіріп, қашып кеткен сиыр қала орталығын армансыз шарлады. Бірнеше адамды жарақаттап та үлгерген, деп хабарлайды Экспресс К.

Әл-Фараби даңғылы бойында көліктер мен адамдардан үркіп, тоқтаусыз шауып жүрген сиырдың видеоларын куәгерлер әлеуметтік желілерге жарыса таратты. Олар әбден шошынып қалған үй жануарының адамдарға шабуылдағанын да айтты. Мұны облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары растады.

Сиыр үш адамды жарақаттады. Ер адам жамбасы сынған деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Тағы бір әйелдің табанына зақым келген. Сондай-ақ, зейнеткер әйел білек сүйегін ауыртып алған,

— дейді басқармадағылар.

Қаланың қақ ортасын айналсоқтап жүрген сиырды ұстауға полиция қызметкерлері келді. Сиыр қуалап жүрген тәртіп сақшылары мен жануардың оларға қарсы шапқан сәтін де куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол желіде желдей тарап кетті. Ақырында сиыр орталықтағы Қостанай өңірлік университетінің артқы ауласына кіріп кетіп, сол жерде құрыққа түсті. Оны ұстау, арқандау, жүк көлігіне тиеу аз әуреге түсірген жоқ.
&fpc=009533a5-6d50-4ac6-a65e-f7a6958f43ab

Тәртіп сақшылары үй жануарының иесін анықтады. Қазіргі таңда оқиға болған жерде барлық қауіпсіздік шаралары қабылданған. Сиыр ұсталғаннан кейін арнайы қоршаулы нысанға апарылды. Иесі сол жерден алып кетеді,

— дейді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Пышаққа ілінерін сезген жануардың аянышты көзқарасы / © Константина ВИШНИЧЕНКОПышаққа ілінерін сезген жануардың аянышты көзқарасы / © Константина ВИШНИЧЕНКО
Пышаққа ілінерін сезген жануардың аянышты көзқарасы / © Константина ВИШНИЧЕНКО

Айта кету керек, бұл жануар Әулиекөл тұқымына жатады. Ветеринар мамандары келіп анықтағандай, жануарда ешқандай құтырма ауруы жоқ. Тек қатты шошынып қалған. Ал оның бұдан кейінгі тағдыры белгілі — бәрібір пышаққа ілінеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.