Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атышулы Диана Қырықбай өзін сынағандарды жартыбас, тобырға теңеді

0 360

Танымал тележүргізуші Диана Қырықбай қыздарға айтқан кеңесін сынап-мінегендерге жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Тележүргізушінің бұған дейін пәктігінен айырылған қыздарға «тесіктеріңді тіктіріңдер» деп айтқан видеосы әлеуметтік желіде пайда болған еді. Алайда Диана Қырықбай видеоның соңында қыздарға олай жасауға болмайтынын айттым деп отыр. Себебі қыздар өзін сыйлауы керек және қандай жағдай болмасын, абыройынан айырылған арулар жігіттеріне шындықты айтуы қажет.

Айтқан кеңесінің тек үзіндісін ғана көрген желі қолданушылары енді тележүргізушіні сынап-мінеп жатқан көрінеді. Диана Қырықбай өзін сынағандарға «миларыңды қосыңдар» деп қатты айтты.

«…Біздің жартыбас адамдар «Диана оңбаған, сен неге ондай ақыл айтасың?» деп сынап жатыр. Күнә арқаламай тұрып алдымен менің жазбамды оқыңыз. Анау былай деп жазды, мынау былай айтты екен деп тобыр сияқты жүгіріп барудың қажеті жоқ. Әрқайсыларыңда бастарың бар… Миларыңды қоссаңдаршы, Алла тағала ақыл, сана берген, сол сананы анда-санда қолданып тұру керек»,-деді ол ТікТок парақшасына жүктеген кезекті видеосында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.