Қалалық қоғамдық-саяси газет

Медициналық сақтандыру – баршаға маңызды

0 485

МӘМС бойынша қазақстандықтар дәрігер кеңесін, медициналық талдаулар мен басқа да диагностикалық қызметтерді пайдаланады.

Сіз медициналық сақтандыру жарналарының төленіп жатқанын egov.kz электрондық үкімет порталында тексере аласыз.

Ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» қызметін тауып, онлайн тапсырыс беріңіз. Ары қарай ЖСН енгізіңіз.

Қызметтің жауабын мәртебені жаңарту арқылы білесіз.

А. Ержан,

Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ

Жамбыл облысы бойынша филиалы ХҚКО Тараз қалалық 4 бөлім басшысы 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.