Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандықтар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын онлайн бағалай алады

0 531

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету сапасын анықтау бойынша онлайн қоғамдық мониторинг жүргізеді.

Барлық ниет білдірген қызмет алушылар eGov порталының «Ашық диалог» платформасында http://m.egov.kz/survey/ сілтемесі арқылы өтіп, сауалнаманы толтыра алады. Сондай-ақ қызмет алушылар 2022 жылы алған мемлекеттік қызметтердің тізімін онлайн-формада көріп, олардың әрқайсысын жеке-жеке бағалай алады.
Сауалнамадан өту үшін ЭЦҚ қажет.

Сауалнама мемлекеттік қызметтерді көрсетуде халықтың қанағаттану деңгейін білу және проблемалық мәселелерді анықтау үшін жүргізіледі.

А. Ержан,

Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ

Жамбыл облысы бойынша филиалы ХҚКО Тараз қалалық 4 бөлім басшысы 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.