Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жеке куәліктің мерзімі аяқталуға жақындаса не істеу керек?

0 495

Қазақстанда жеке куәлік 16 жастан бастап беріледі және 10 жыл мерзімге рәсімделеді.

Куәлікті алдын-ала ауыстырған дұрыс, себебі мерзімі өткен құжатпен 1 айдан аса жүру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.

Жеке куәлікті тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан кез келген ХҚО-да ауыстыруға болады. Онда тек ескі құжатты көрсетіп, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет.

Жаңа құжат 15 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Қалауыңыз бойынша қосымша ақы төлеп, куәлікті дайындау мерзімін бір күннен бес жұмыс күніне дейін жеделдетуге болады.

*Паспорт ерікті құжат болып табылады, сондықтан оның мерзімі өтіп кетсе айыппұл салынбайды. Мемлекеттік баж құны-8 АЕК.

А. Ержан,

Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ

Жамбыл облысы бойынша филиалы ХҚКО Тараз қалалық 4 бөлім басшысы 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.