Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған кездесу өтті

0 3  065

Таразда Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай  “Қазақ әліппесінің атасы” атты кездесу өтті. Басқосуға академик Ө.Жолдасбеков атындағы №50 мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Жиында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен саяси қоғамда алған рөлі, ел үшін қылған қызметі және қазақ руханиятына, мәдениет пен әдебиетіне, қазақ баспасөзінің темірқазығы “Қазақ” газетіне сіңірген еңбектеріне байланысты мол мағұлматтар айтылды.

– 1922 жылы Түркістан Республикасының орталығы Ташкент қаласында Ахмет Байтұрсынұлына арналған үлкен жиын өткен. Онда Ахаңның омырауын алтын алқа таққан. Алқаның бір бетінде: “Түркістан зиялыларынан белгі. 1922 жыл, 2 август” деген жазу болса, екінші бетінде “Аха, күшті сенің қаламың, Халық ісі – сенің тамағың. Жаса ұлт мектебінің тұңғыш жүрегі» – деген мәтіндер жазылған” – деді өз сөзінде ҚР Журналистер одағының мүшесі, тарихшы Мадияр Ералыұлы.

Сонан соң сөз алған орталықтың бөлім меңгерушісі Асылжан Шайділдаев ХХ ғасыр қайраткерлерінің тағлымды әрі қым-қуыт тағдырына қатысты тарихи деректермен бөлісті.

Сондай-ақ, орталықтың аға ғылыми қызметкері Фарида Метерқұлова А. Байтұрсынұлының ғасыр бұрын айтқан өсиетті сөздерінің әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпағанына тоқталды.

Кездесуден кейін орталықтың бөлім басшысы Назым Қожамарова Халық жазушысы, қазақ баспасөзінің баһадүрі Ш.Мұртазаның биылғы 90 жылдық мерейтойына орай өткелі жатқан іс-шаралар туралы хабарлап, ұстаздар мен оқушыларды орталықтағы Шерағаның мұраларымен таныстырып өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.