Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шекара қызметі жаңа ғимаратта

0 499

Тараз қаласында облыс бойынша Шекара қызметі департаментінің әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты шараға аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов қатысып, ізгі тілегін жеткізді.

– Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі еңбектері үшін алғыс білдіремін. Шекара қызметінің дайындығы мен жұмысын үнемі жетілдіріп отыруда олардың жайлы, заманауи ғимаратта жаңа техникаларды пайдалана отырып жұмыс істеуі маңызды. Сол себепті бүгінгі жаңа кеңсенің ашылуымен құттықтаймын, – дейді Нұржан Молдиярұлы.
Өз кезегінде ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев облыс басшылығына жаңа ғимараттың құрылысына көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын жеткізді.
Айта кетейік, ғимараттың ашылу салтанатына ҰҚК ШҚ директорының бірінші орынбасары А.Аймурзин, сала ардагерлері, ШҚ-ның әскери қызметшілері және аумақ жұртшылығының өкілдері қатысты.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.