Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жас келсе, іске!

0 807

Елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдауға бағытталған ауқымды шаралар легі бастау алды. Осыған орай, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жастар жылы салтанатты түрде ашылды.

Толғанай АТАБАЙ

Суреттерді түсірген Ю.Ким

Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов, қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай қатысып, ел болашағы үшін атаулы жылда атқарылар игілікті істерге тоқталды.


– Жастар жылында атқарылар шаруа мен одан күтілетін үміт көп. Қазіргі уақытта жастардың білім алу мәселесі алғы шепте. 156 мемлекеттің ішінде білім саласы бойынша талдау нәтижесінде еліміз 15-ші орынға тұрақтап отыр. Елбасының үлкен саясаты, арнайы бағдарламалары өзінің нәтижесін беруде. Алдағы уақытта Назарбаев зияткерлік университетінің тәжірибесін басшылыққа ала отырып, облыстық білім беру ұйымдарының сапасын арттыру көзделуде. Сонымен қатар, аймақта орта арнаулы білім ошақтарының да санын еселеу қажет. Себебі, жастар арасындағы жұмыссыздыққа басты себеп мамандықтың тапшылығы. Сондықтан, оқу орындарында оқып, кәсіп бастауға ниетті 4-5 курс студенттеріне кеңінен қолдау білдіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өңірде 14-29 жас аралығындағы 240 мыңнан астам еріктілер қозғалысының өкілдері бар. Қазіргі уақытта ерікті жастардың жұмысын жандандыру үшін 760 млн қаржы бөліп отырмыз. Ал кешегі салтанатты жиында оларды қосымша 30 пайыздық шәкіртақымен қамту жайы баса айтылды. Тұрғын үй мәселесінің де жастар үшін маңызы зор. Мәселен, Астана, Шымкент, Алматы қалаларында 10 мынан астам шаршы метр жерді жастарға бөлу мәселесі жұмысын жалғастыруда. Ал облыста бұл мәселе аясында «7-20-25» бағдарламасы бойынша арнайы жұмыстар жүргізілуде, – дейді Бекболат Орынбекұлы.
Салтанатты шарада Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында айтылғандай, бабалар сазын қазақтың көне ұлттық аспаптары арқылы насихаттауды жөн көрген университеттің «Тұмар» ансамблі танымал күйлерді орындаса, «Гауһартас», «Tarsu.kz» би топтары жиынды өнерлерімен өрнектеді.


«Мен жанбасам лапылдап» дегенді алға тартқан университеттің «Үздік студент – 2018» жобасының жеңімпаздары сөз алып, ойларын ортаға салды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.