Қалалық қоғамдық-саяси газет

Теміржол вокзалы сақтық шараларын неге сақтамайды?

0 279

Бүгінде COVID-19 індетінің алдын алу бойынша қалалық әкімдік тарапынан құрылған мониторингтік топ шаһарда орналасқан кәсіпкерлік нысандарына тексеріс жұмыстарын күшейтті. Мәселен, жуырда топ мүшелері Тараз теміржол вокзалына бас сұқты.

Тексеріс барысында нысанға келушілердің «Ashyq» қосымшасын пайдаланбауы, қызметкерлердің бетперде тақпауы сынды кемшіліктер анықталып, акт толтырылды. Вокзал басшылығы алдағы уақытта мұндай жайттарға жол берілмейтіндігіне уәде етті.
Жалпы карантиндік шектеу шаралары басталғаннан бері 636 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 126,9 миллион теңге сомасында айыппұл салынған. Оның ішінде 448 хаттама мен 84,9 миллион теңге көлеміндегі айыппұл былтырғы жылдың еншісінде. Ал ағымдағы 1 қаңтарынан бастап 15 бизнес объектісінде мониторинг жұмыстары жүргізіліп, карантиндік режим талаптары сақталмағандықтан, 8 нысанға акт толтырылған. Қазіргі таңда 3 іс бойынша әкімшілік хаттама жасалып, 225 345 теңге айыппұл салынып отыр. Ал 5 іс-құжат қаралу үстінде екен. Сонымен қатар шаһар бойынша «Ashyq» бағдарламасына қатысуға өтініш берген 1800 нысан жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде ПТР- тесті оң нәтиже берген 85 адам қазіргі таңда карантиндік режимде жатыр.

Құрбанәлі Шахабай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.