Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қоғамдық көліктерде санитарлық талаптар толықтай сақталуы қажет

0 1  203

Тараз қаласында облыс орталығындағы жолаушы тасымалдаушы мекемелердің басшыларымен кездесу өтті. Басқосуда коронавирус инфекциясын таралуына орай карантин талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз ету жұмыстарын қолға алу тапсырылды.

Автобус паріктерінің қызметкерлеріне (жүргізушілер, жолсеріктер және т.б.) санитарлық және гигиеналық жағдайды бақылауға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда тасымалдаушы мекемелер қоғамдық көліктерге дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. Автобустардың барлығына коронавирус инфекциясы және оның алдын-алу, қорғану тәсілдері көрсетілген ақпараттық қағаздар таратылып, көрнекі ақпарат құралдары орналастырылуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.