Қалалық қоғамдық-саяси газет

30 өрт сөндіруші келсе де отқа оранған үйдің иесі ажал құшты

0 206

Кеше кешкі сағат 16:36 шамасында Қызылорда қаласындағы Т.Елемесов көшесіндегі 6а тұрғын үйінде өрт шыққаны жөнінде 112 құтқару қызметіне хабарлама түскен,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Шақырту бойынша оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметкерлері төбе жабыны толық жанып жатқан жер үйге барлау жұмыстарын жүргізеді. Үйді газдан ажыратып, өрт ошағынан 1962 жылғы ер адамның мәйітін алып шыққан.

– Өрт сөндіру қызметкерлері оқиға орнына тез арада жетіп, өртті ауыздықтады. Бұл жұмысқа мекеменің 30 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды. Алайда, үй иесін тілсіз жаудан аман алып қалу мүмкін болмады. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері мен шығыны анықталуда, – дейді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы  Әлия Ережепова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.