Бүгін Талас ауданы Қаратау қаласындағы “Диас” сауда орталығында өрт шықты. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі.
“Ғимараттың жалпы көлемі 1700 шаршы метр, өрт ошағы шамамен 200 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ. 12 адам, 2 техника өрт сөндіруге кірісті.Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. “Диас” және “Корзинка” сауда үйлерінің қызметкерлері мен сатып алушылар қауіпсіздік жерге эвакуацияланды. Барлық өрт гидранттары іске қосылған.Қала тұрғындарынан сабырлық сақтауларыңызды сұранамыз” – делінген хабарламада.
