Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда 26 мыңнан астам балаға вакцина салынды

0 189

 Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын қанша адам салдырғанын мәлімдеді,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

 Вакцина 35 012 адамға екпе егілді. Оның 26 354-і бала, 8 658-і жүкті және бала емізетін әйелдер. Министр Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келгенін атап өтті.

«Бүгінде вакцина алатын топтағы 35 012 адамға екпе егілді. Оның 26 354-і бала, 8 658-і жүкті және бала емізетін әйелдер», – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, вакцина апта сайын жеткізіледі. Сондай-ақ ол халықты коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасып жатқанын да айтты.

Қазіргі таңда 1-компонентті 8,7 миллионға жуық адам алса, екінші компонент 7,9 миллионнан астам адамға салынған. Жалпы халық санының 42,2%-і вакцинаның екі дозасын салғызды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.