Қалалық қоғамдық-саяси газет

«50 жылдан кейін ақ көйлек кидім»: «Алтын тойдың» иелері елді сүйсінтті (видео)

0 302

Ұл-қыздары анасының арманын орындады. Алтын тойында кейуана жас кезін есіне алып, ақ көйлек киюді армандағанын айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

69 жастағы қарияның той көйлегін киген бейнежазбасы TikTok желісінде тарап кетті.

Келін болып түскеніме 50 жыл толыпты. Сол кезде ақ көйлек кимеп едім. Бір абысыным біреудің көйлегін кигізгісі келді, бірақ мен келіспедім. Балаларым өскеннен кейін оларға «ақ көйлек кигізіңдер» дедім. Бүгін арманым орындалды. Балаларыма рахмет,

— деді кейуана.

«Алтын тойда» ерлі-зайыпты вальс билеп, «қалыңдық» гүл шоғын лақтырды.

Желі қолданушыларының басым көпшілігі бейнежазба астына ізгі тілектерін білдіріп, құттықтап жатыр. Алайда, жасы келген адамның бұл әрекетін түсінбегендер де болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.