Қалалық қоғамдық-саяси газет

Екпе алудың маңызын түсіндірді

0 294

Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының иммунолог дәрігері Мөлдір Санақова мен эпидемиолог дәрігер Сұлтан Талас аудандағы Кұмөзек, Қылышбай ауылдарындағы Ы.Алтынсарин және Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектептерінің 12-17 жас аралығындағы окушылары және ата-аналармен кездесу ұйымдастырды. Жиында мамандар короновирусқа қарсы салынатын Комирнати (Пфайзер) вакцинациясының маңызы туралы, салыну ережелерін, ата-аналардың вакцина салынатын алдында, салу кезінде, одан кейін нені білу керектігі жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді қойылған сұрақтарға заң аясында жауап беріп пфайзер вакцинасы бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Жиынға ауыл әкімдері де қатысты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.