Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл өңірінің құнды жәдігерлері Жетісу өңірінде насихатталды

0 174

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Жамбыл облысының Алматы облысындағы мәдениет күндеріне орай облысымыздың тарихын Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарына таныстыру, насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан жасақталған «Тараз – Ұлы даланың көне шаһары» атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі. 


Көрмеде Тараз шаһарының тарихын баян ететін әлемдік маңызы бар бірегей жәдігерлер мен артефактілер ұсынылды.

Олар: сақ кезеңінің тарихын, мәдениетін айғақтайтын алтын әшекейлер, ортағасырлық Тараз қаласының тарихын баяндайтын: ортағасырлық тұрмыста түрлі мақсатта қолданылған қыш ыдыстар: үлкенді-кішілі шырағдандар, хош иісті әтірлерді, дәрілік заттарды, сынаптарды сақтайтын жұмыртастар, майшамдар, түрлі ою-өрнек түсірілген тәрелкелер.  ХХ ғасырда күмістен жасалған зергерлерлік бұйымдары: алқа, шекелік, шашбау, жүзік, білезіктердің топтамасы, Жамбыл облысынан шыққан Ұлы тұлғалардың Ы.Дүкенұлы, К.Әзірбаев, Б.Момышұлы, Ж.Қуанышбаев, Ш.Мұртаза, А.Әшімов жеке заттары.

Сондай-ақ, жылжымалы көрмеге көркемсурет галереясының қорында сақталған Тараз суретшілерінің «Ұрпақтар сабақтастығы: тарих пен болашақ Жамбылдық суретшілер көзімен» туындылар топтамасы мен неміс суретшісі Л.В.Брюммердің туындылары қойылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.