Қалалық қоғамдық-саяси газет

30 жылдық: Елордадағы мерекелік шараларға қанша қаржы жұмсалды?

0 380

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні өтті. Енді мейрам аясында жұмсалған қаржының қалай жұмсалғанын сараптап көрейік. 30 жылдық мерейтойға орай елордада көптеген іс-шаралар жоспарланған болатын. Келісімдерге қол қойылғанымен, барлық шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген жоқ, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz « сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі арнада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына өткен шараларға қанша қаражат бөлінгені туралы ақпарат жарияланды.

  1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қысқы маусымның ашылуы.

«Ерке» ЖШС-мен 5 190 000 теңгенің келісімшарты жасалған. Техникалық спецификацияға сәйкес жеткізуші спорттық іс-шараны (спорт түрі көрсетілмеген) өткізіп, жүлде ретінде 10 микротолқынды пеш, 10 шаңсорғыш, 10 ауа дымқылдатқышы, 16 смартсағат, 16 құлаққап, 78 медаль дайындауы міндеттелген. Төлем сертификаттарына 6 желтоқсан күні қол қойылды. Бірақ ғаламтордан бұл шара туралы ақпарат табылмады.

  1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жас ақындар айтысы».

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Қазақстан жастары конвенті» жеке қорымен 3 330 000 теңгеге келісімшарт жасалған. «Хабардың» сипаттамасына сәйкес, жалпы жүлде қоры 1,2 миллион теңгені құрады. Техникалық ерекшелікте төмендегідей талап қойылған: «Тапсырыс берушімен келісілген жүлде қоры (1 орын – жүлденің құны 300 000 теңгеден кем емес, 2 орын – 200 000 теңге, 3 орын – 100 000 теңге); 4 үздік жас ақынға (50 000 теңге) сертификат беру; Жеңімпаздарға 10 дана көлемінде (30 см-ден кем емес) темірден мүсіншелер жасау; Жеңімпаздарға гүл шоғын жасау (кемінде 10 дана); Шақырылған қонақтар мен қатысушылар үшін буфеттік қабылдау ұйымдастыру (кемінде 50 адам).

Біз тапқан жалғыз репортаж – «YouTube Khabar NEWS» сайтындағы екі минуттық бейнеролик.

  1. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы достығының қалалық фестивалі.

«АҚЖАН» жеке кәсіпкерлігімен 2 395 000 теңгенің келісімшарты жасалған. Фестиваль туралы «Astanatv.kz» сайты ақпарат таратты. Сюжетте елорданың 17 этномәдени орталығы өкілдерінің «Шабыт» концерт залында бас қосқаны жазылған.

  1. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ассамблеяның фотокөрмесі.

«Студия «Көркем» ЖШС-мен 680 000 теңгеге келісімшарт жасалды. Фотокөрме Б.Момышұлы даңғылы, 24/9-үй мекенжайындағы Достық үйінде өткен.

«Осы оқиғаларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін қомақты қаржы бөлінді. Мысалы, «Елорда Ақпарат» ЖШС-мен «елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындарды вакцинациялаудың барысы және коронавирустық инфекциямен күресу барысында қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпараттық материалдарды әзірлеу» мақсатында 45 миллион теңгеге екі келісімшарт жасалған. Бірақ басылымның ресми сайтынан бұл шаралар туралы жөнді ақпарат табылған жоқ», – деп жазылған телеграм-арнада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.